28 Қараша 2025 2025, 13:13 Фото: - архив

Ұлттық банк инфляция болжамын қайта қарады

Ұлттық банк инфляцияның 2025 және 2026 жылдарға арналған болжамын қайта қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банк инфляцияның 2025 және 2026 жылдарға арналған болжамын қайта қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылы инфляция 12,0-13,0%, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша ол 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп күтіледі. Болжамды түзету биылғы инфляцияның іс жүзіндегі мәні болжамды мәндерден едәуір асып кетуіне және инфляциялық күтулердің жоғары динамикасына негізделеді, - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Ұлттық банк 2026-2027 жылдары “инфляция + 5%” схемасы бойынша реформа қарқынын қайта қарау аясында бағалардың өсетінін ескерді.

2026 жылға арналған инфляция болжамы нақты бір сан емес, кең диапазон болып берілген. Мысалы: 9,5–12,5%. Бұл – болашақтағы жағдайды дәл болжау қиын екенін білдіреді.

Болжам тәуекелдері ішкі сұраныс пен ұсыныс мүмкіндіктері арасындағы теңгерімсіздіктің күшеюімен, сыртқы инфляцияның және инфляциялық күтулердің жеделдеуімен, сондай-ақ реттелетін бағалардың, ЖЖМ мен ҚҚС артуынан болатын қайталама әсермен байланысты, - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Негізгі белгісіздік факторларының бірі – экономиканы қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ АҚ» арқылы ұлғайту ықпалы. Үкіметтің мәліметі бойынша, оның көлемі 2026 жылы 8 трлн теңгеге, яғни ЖІӨ-нің 4,4%-на жетуі мүмкін. Мұндай қысым инфляциялық қысымды күшейтіп, алдағы фискалдық шоғырландыру әсерін ішінара реттеуі мүмкін.

Бұған дейін Ұлттық банк әлемде азық-түлік бағасы қымбат болғандықтан, импорт арқылы Қазақстанға әсер етіп тұрғанын мәлімдеді.