14 Ақпан 2023 2023, 10:00
Ұлттық банк доллардың 14 ақпандағы ресми бағамын жариялады
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 14 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 14 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 452, 43 теңге, Ресей рублінің орташа бағамы - 6,14 теңге.
13 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,51 теңгеге қымбаттап, 452, 33 теңге болған.
Ресей валютасы 6,16 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 455 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 451,5– 456 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,05 – 6,3 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 6,1-6,16 теңгеден саудаланып жатыр.