Ұлттық банк доллар бағамының төмендеуіне қатысты пікір білдірді
Теңгенің нығаюы - таза экономикалық процесс.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер: "Теңге бағамы нығаюының референдуммен байланысы бар ма және дауыс беруден кейін доллар курсының өсуін күтуге бола ма?" деп сұрады.
Ұлттық банк әрдайым валюталық процестің негізгі қатысушысы еместігімізді жариялап келеді. Теңге – еркін конверттелетін валюта, ал валюталық нарықта процестер сұраныс пен ұсыныс есебінен жүреді. Қазіргі уақытта бұл сұраныстың азайғанын, ал ұсыныстың көп екенін көрсетіп тұр, сондықтан бағам төмендеп отыр. Бұл таза экономикалық процестер, – деп түсіндірді Берік Шолпанқұлов.
Ол басқа елдердің валюталық нарықтарына назар аударуды ұсынды.
Сол кезде бұл алдын ала ойластырылған нәрсе емес екенін түсінесіздер. Бұл – жалпы нарықтағы процесс, мұнда реттеушінің әсері емес, нарық қатысушыларының өздері сұраныс пен ұсынысты анықтайды, – деді Ұлттық банк өкілі.