Ұлттық банк доллар бағамына болжам жасады
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бағамына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында Сүлейменов доллар бағамына тек мұнай бағасы әсер етпейтінін түсіндірді.
Біз көп затты экспорттаймыз, бірақ 60 пайыз кірісті мұнай береді. Сондықтанда мұнай төлем балансына әсер етеді. Ал төлем балансы экспорт және импорттан тұрады. Демек экспорттаушылар көп сатып, нарыққа көп валюталық кіріс әкелсе, ал импорттаушылар бір орында қалса, теңге курсы нығая түседі. Егер экспорттаушылар көп сатып, бірақ импорттаушылар көп доллар сұраса, бағамға әсер ете алмайды, - дейді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы Қазақстанның экономикасына ішкі фактор ғана емес, сыртқы әсерде барын айтады.
Сонымен қатар "Доллар бағасы теңгеге шаққанда алдағы 6 айда қалай болад" деген сұраққа Сүлейменов келесідей жауап берді:
Сыртқы және ішкі экономикада дағдарыс болмаса, қазіргі қалыптасқан бағам осы деңгейде қалады деп үміттенеміз.