Бүгiн 2026, 14:02
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ұлттық банк болжамы: Сәуірде инфляция қандай болады?
Ұлттық банк инфляцияның 10-10,5% деңгейіне дейін төмендеуін күтеді
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов сәуір айы инфляция динамикасында бетбұрыс кезең болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, инфляцияның шарықтау шегі былтыр қыркүйекте тіркеліп, 12,9%-ға жеткен. Содан бері көрсеткіш шамамен 2 пайыздық тармаққа төмендеген.
Ол жанар-жағармай мен коммуналдық тарифтерге енгізілген мораторий инфляцияның баяулауына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.
Сәуір біз үшін өте маңызды ай болмақ. Осы кезеңде инфляцияда нақты бетбұрыс болды ма, жоқ па – соны түсінеміз, – деді ол.
Ұлттық банк жалпы алғанда инфляцияның әрі қарай төмендеуін күтеді. Болжам бойынша, көрсеткіш 10-10,5% деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін.