Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жариялау мерзімін өзгертті

ҚҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша ҚҰБ-тың Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті шешім жариялайтын күнді 2022 жылдың 24 қазанынан 26 қазанға ауыстырғанын хабарлайды. 

ҚҰБ-тың базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесіндегі бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы