Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қарашада қайта қарауы мүмкін

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің алдағы тағдырына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, егер инфляцияның баяулау үрдісі байқалмаса, ақша-кредит саясатын қатаңдату шаралары жалғасуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдатуға барамыз. Егер инфляция төмендемесе, орташа деңгейде қатаң ақша-кредит жағдайларын сақтау үшін мөлшерлемені көтеруге тура келеді. Бірақ бұл шешім қараша айында қабылданады, – деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы қарашада болжамдық раунд өтетінін атап өтті.

Сол кезде барлық модельдерді жаңартып, экономикадағы ахуалды толық бағалаймыз. Геосаяси жағдайға да көбірек айқындық пайда болуы мүмкін. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, тиісті шешім қабылдаймыз, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы