Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25%-ке дейін төмендетті

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы мамыр және маусымда жылдық инфляция, Ұлттық Банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасып, біртіндеп төмендеп келеді. Халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі жоғары мәндерден кейін төмендеді. 

Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейде инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр. 

Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру мен тұтынушылық кредиттеу қолдайтын тұрақты ішкі сұраныстың, сондай-ақ жалғасып жатқан реттелетін бағалар реформасының салдарынан инфляциялық қысым сақталуда.

Ұлттық Банк келіп түсетін деректерді, соның ішінде баға өсуінің тұрақты бөлігін және жалпы инфляцияның таргетке жақындау траекториясын бақылайтын болады.

Алдағы тамыз айында болатын болжамды раунд аясында фискалдық саясаттың параметрлерін қоса алғандағы қалыптасатын тәуекелдер балансы, сондай-ақ бағамдық фактордың салдарынан ақша-кредит шарттарының жұмсару әсері бағаланады. 

Баға өсуінің бәсеңдеу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттары ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң қалпында сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы