17 Шілде 2026, 22:53 Фото: Скриншот

Ұлттық Банк балаларға арналған қаржылық сауаттылық туралы мультсериал ұсынды

Жоба балалардың қаржылық сауаттылық бойынша алғашқы білімін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Ұлттық Банкі балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында анимациялық мультсериал шығарды.

Мультсериалдың басты кейіпкері Барыс пен оның достары жас көрермендерге қаржы әлемінің негізгі ұғымдарын қарапайым әрі қызықты форматта түсіндіреді. Кейіпкерлер арқылы балалар бюджетті жоспарлауды, ақшаны үнемдеуді, жинақ жасаудың маңызын, несие мен инфляцияның мәнін үйренеді. Сондай-ақ қаржы алаяқтарының айла-тәсілдерінен сақтану жолдары да түсіндіріледі.

Жоба балалардың қаржылық сауаттылық бойынша алғашқы білімін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар ата-аналарға балаларымен бірге ақшаны басқару және қаржылық шешімдер қабылдау тақырыбын талқылауға мүмкіндік береді.