Ұлттық банк бағаның өсуі Ресейдегі инфляцияға байланысты екенін айтты

Ресейдегі инфляциялық қысымның біртіндеп күш алуы Қазақстанда бағаның өсу қарқынын арттырардай тәуекелдер тудырып отыр. Бұл жайында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның сауда-серіктес елдерінде инфляция жағдайы біршама нашарлады. Еуропалық одақта инфляция әлі де нысаналы деңгейден асып, баяу төмендеп келеді. Ресейде рубль бағамының әлсіреуі және жоғары тұтынушылық сұраныс инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. Ресейдегі инфляциялық қысымның біртіндеп күш алуы Қазақстанда бағаның өсу қарқынын арттырардай тәуекелдер тудырып отыр. Қытайда экономикалық белсенділіктің осы жылғы әлсіз көрсеткіштеріне байланысты дефляция байқалуда, - деді Пірматов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Банк төрағасының айтуынша, әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі дезинфляциялық тұрғыда әсер етіп жатыр.

Алайда, шілдеде бағалар сәл көтерілді. Мұндай қарсы бағытты динамика сыртқы азық-түлік нарықтарында алдағы кезеңде белгісіздік тәуекелдерін тудырады. Болашақта «астық мәмлесінің» тоқтауы нәтижесінде бағаның біртіндеп өсуі де күтіледі. «Астық мәмілесінің» мерзімі ұзартылып немесе жаңа мәміле жасалуы мүмкін, - деді Ғалымжан Пірматов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы