Кеше 2026, 12:18 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Ұлттық банк 8 мамырға валюта бағамын жариялады: Доллар қанша болды?

Ұлттық банк 8 мамырға арналған ресми валюта бағамдарын бекітті. Айырбастау пункттеріндегі доллар мен еуро бағасы да белгілі болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2026 жылғы 8 мамырға арналған шетел валюталарының ресми бағамдарын белгіледі.

Реттеуші ұсынған мәліметке сәйкес, АҚШ долларының ресми бағамы 463,41 теңге болды.

Ресми валюта бағамдары

8 мамырға белгіленген ресми бағамдар төмендегідей:

* АҚШ доллары (USD) – 463,41 теңге;
* еуро (EUR) – 546,27 теңге;
* Ресей рублі (RUB) – 6,18 теңге;
* Қытай юані (CNY) – 68,04 теңге;
* Қырғыз сомы (KGS) – 5,3 теңге;
* 100 өзбек сумы (UZS) – 3,84 теңге;
* түрік лирасы (TRY) – 10,26 теңге;
* украин гривнасы (UAH) – 10,57 теңге;
* грузин лариі (GEL) – 174,81 теңге;
* Әзербайжан манаты (AZN) – 273,4 теңге;
* тай баті (THB) – 14,47 теңге.

Айырбастау пункттеріндегі бағам қандай?

Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде валюта бағамдарында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.

Астанада доллар 460-467 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро бағамы – 538-548 теңге, ал рубль – 5,95-6,25 теңге шамасында.

Алматыда доллар бағамы 459-66 теңге аралығында болса, еуро – 539-549 теңге, рубль – 5,6-6,5 теңге деңгейінде.

Шымкентте доллар 464-466 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы – 544-547 теңге, ал рубль – 6,03-6,1 теңге аралығында.