Ұлттық банк 50 білім грантын бөледі

Ұлттық банк бірлескен бағдарламалармен білім гранттары бойынша оқуға өтінім беруге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

  • «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» – 15 грант;
  • «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджмент», «Макроталдау және болжау» – 20 грант;
  • «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» – 15 грант.

Бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау.

Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады.

Осы бағдарламалар бойынша оқу кезеңінің басталуы 2023 жылғы тамыз-қазанға жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар Университеттердің талабы мен өлшемшартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтеді. «Назарбаев Университеті» ДББҰ бағдарламасы бойынша оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай, «Нархоз университеті» КЕАҚ және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ бағдарламалары бойынша – 2 академиялық жыл, - делінген банк таратқан хабарламада.

Оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу көзделген.

Бағдарламалардың мазмұнымен және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен келесідей сайттарда танысуға болады:

  • «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебі:
  • «Нархоз университеті» КЕАҚ:
  • «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ:
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов Архив
Өзгелердің жаңалығы