Ұлттық банк 5-10 мың теңгеліктерге қатысты ескерту жасады
Ұлттық банк олардың таралу фактісін тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған.
Ұлттық банк Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Аталған жағдайлар бойынша Ұлттық банк олардың таралу фактісін тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады.
Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Өзгелердің жаңалығы