Ұлттық балаларды оңалту орталығы халықаралық конференция өткізді
Ұлттық балаларды оңалту орталығы Астана медицина университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен "Неврологиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және оңалтудағы мультидисциплинарлық тәсіл" тақырыбында халықаралық конференция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Конференция алдағы он жылға арналған ДДҰ-ның эпилепсия және басқа да неврологиялық аурулар жөніндегі сектораралық жаһандық жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Іс-шараға Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Аманат партиясының, жоғары оқу орындары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Конференцияға барлығы 400-ден астам қатысушы қатысты, олардың арасында невропатологтар, реабилитологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар мен психологтар бар. Франция, Италия, Австралия, Қытай, Түркия, Үндістан, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасының және т.б. елдің ғалымдары баяндама жасады.
Конференцияның негізгі бағыты – неврологиялық аурулары бар пациенттердің алдын алу, ерте анықтау, инновациялық емдеу және оңалту бойынша кешенді тәсілге бағытталған. Конференцияның күн тәртібінде Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы Ажар Ғиният еліміздегі мүгедектіктің алдын алуға және азайтуға бағытталған оңалту қызметін одан әрі дамытудың сын-тегеуріндерін айтты.
Сонымен қатар, Ажар Ғиниятқызы өңірлерге ұйымдастырушылық - әдістемелік, клиникалық және ғылыми-білім беру көмегі бойынша еліміздегі ҰБОО-ның шешуші рөлін, сондай-ақ Орталық мамандарының балаларды оңалту саласындағы оңалту көмегі стандартын, клиникалық хаттамаларды, жол карталарын әзірлеуге қатысуын атап өтті.
Екі күн ішінде 12 модератор, 11 бірлескен модератор, 67 спикер, неврология және оңалтудың штаттан тыс бас мамандары және т. б. жұмыс істеді. Қауымдастықтардан алғаш рет үздік невропатологтар, реабилитологтар, меценаттар, қайырымдылық көмек көрсететін ұйымдар "Алтын Шипагер" наградаларымен марапатталды, - деп жазылған орталық мәліметінде.
27 қыркүйек ҰБОО базасында практикалық сабақтарға, мастер- класстарға арналды, оған оңалту саласындағы мамандар ғана емес, ерекше балалардың ата-аналары да қатысты.
"Шипажай" медициналық оңалту күндерін жалғастыру "Мерке" санаторийінде жоспарланған, оған еліміздің курортологтары да қатысады.
Конференцияның қабылданған қарары елдегі оңалту қызметін одан әрі дамытуға негіз болады.