АӨК-ні дамыту бойынша ұлттық бағдарлама қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

Келесі бесжылдыққа арналған АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының мақсаты - жаңа АӨК мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын дайындау, - деді министр. 

Омаров айтып өткендей, тұжырымдама бағдарламалық құжаттың негізін құрайды. 

Онда ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен толықтыру, ауыл халқының табысын өсіру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, АӨК тауарларын 2 есеге арттыру, цифрландыру, шикізаттың өңделген өнімдерін экспорттау сынды  мәселелер пысықталады, - деді министр. 

Сондай-ақ, Сапархан Омаров кооперавтивтерді дамыту үшін жеңілдетілген салық түріндегі экономикалық жағдайлар жасалған. 

Тұңғыш Президент қоры мен Премьер-министр кеңсесінің жанындағы жобалық кеңсе іске асырып жатқан салалық менеджерлерді дайындау аясында кооперативтерді қолдаудың қосымша шараларын енгізу талқылануда. Нәтижесінде, ірі инвестициялық жобалардың аясында АШМ шикізатын өндіру мен қайта өңдеу бойынша экожүйе құрылады, - деді ол. 

Айта кетейік, өз Жолдауында Тоқаев АӨК-ні дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы