Ұлттық жобалар бекітіледі – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Тоқаев Ұлттық компаниялар мен еншілес компаниялар қысқартылғанын айтты.Қазақстан халқына биылғы Жолдауым мынандай мәселеге айналды: Бірінші – пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. Орталық Азия бойынша экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан пандемияның зардабын тартып жатыр. Қиындықтарға қарамастан бағдарымызды берік ұстанып келеміз. Біз 2025 жылға дейін дамудың Ұлттық жоспары мен мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітіледі. Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық орнымызды күшейту және әлемдік деңгейде экономикамызды нығайту, - деді ол.
Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға ауқымды көмек көрсетті. Сондай-ақ 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен қызметтің құны 3,5 трлн болды. 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, сақтап қалуға мүмкіндік берді, - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн беріліп жатыр.