Ұлттық ұлан жауынгері 3 бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан әскери қызметшісі елордалық анаға түскі уақытта өрт шыққан пәтерден үш бүлдіршінді алып шығуға көмектесті.
Жуырда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ефрейтор Темірлан Әмірғазин азық-түлік дүкенінде тұрғанда төбеден сылақтары түсіп, желдету шахтасынан қою түтін шығып тұрғанын байқайды.
Қауіпті сәтті қалт жібермеген жауынгер дүкенге келушілер мен сатушыларға тез арада далаға шығуын сұрайды. Осы уақытта ол түтіннің екінші қабаттан шығып жатқанын байқайды. Сөйтсе бұл дүкен сатушысының пәтері екен. Ұландық жауынгер дереу өрт сөндіруші қызметке қоңырау шалып, үй иесімен бірге баспанадан 3 бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып шығады.
Дүкенде тұрғанда мен төбеден құлаған заттарды байқап қалдым, ал түтін шыққанда барлығымыз сыртқа шықтық. Дүкен иесі уайымдай бастады. Өйткені, түтінденген пәтер оған тиесілі еді. Онда оның балалары болған. Дереу әлгі пәтерге көтеріліп, ішіндегі балаларды және көрші пәтердегі екі баланы сыртқа шығардық. Өрт сөндірушілер келгенше терезелерді ашып, электр құрылғыларды өшірдім, - дейді ефрейтор Темірлан Әмірғазин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Өзгелердің жаңалығы