Ұлттық ұлан сарбазы әлем кубогының чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық ұлан әскерлерінің әскери институтының курсанты Арапбай Сауран қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының чемпионы атанды.
2021 жылдың 11-13 қарашасы аралығында Мәскеудегі Ирина Винер-Усманова атындағы гимнастика сарайында қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогы өтті. Оған 30 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Турнир бағдарламасына «дуэль» және «өзін-өзі қорғау» бағдарламалары енді. Ақтық сындағы жекпе-жектер осы сенбіде өтті, деп хабарлайды Петропавл қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының баспасөз қызметі.Бұл турнирге Қазақстан Республикасының спортшылары да қатысты. Қазақстан құрамасы атынан Ұлттық ұлан Әскери институтының 4-курс курсанты Арапбай Сауран қоян-қолтық ұрыста өнер көрсетті.
Таза әрі қызу күресте жан беріп, жан алысқан сайыста Әскери институт курсанттары Үндістан, Иран, Ресей және Өзбекстан спортшыларын сенімді түрде жеңіп, жоғары спорттық шеберлік көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде Әскери институттың 4-курс курсанты Арапбай Сауран халықаралық деңгейдегі спорт шебері нормативін орындап, қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының чемпионы атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Түркі әлемінің фильмдер қоры» құрылатын болды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы