Ұлттық спорт үздіктері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайынғы дәстүрмен Ұлттық спорт қауымдастығы биыл да жыл үздіктерін марапаттады.
Салтанатты жиынға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды, Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай және ұлттық спорт жанашырлары мен өкілдері қатысты.
Сонымен Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды ең әуелі Ұлттық спорттың дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға «Елімжан» төсбелгісін тақты. Бұл айрықша атақ Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке бұйырды.
Мұнан соң Қайрат Сатыбалды Қазақстан Республикасы көкпар федерациясының президенті, кәсіпкер, меценат Мұхтар Имашевты, Қазақстан Республикасы жамбы ату федерациясының президенті, кәсіпкер, меценат Нұрлан Әметовті, Sport Qory-ын, Қыран қоғамдық қорының құрметті президенті Нұрлан Өнербайды, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайды, «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбекті және Тәлім ТВ арнасының бас продюсері Ерлан Әбдірұлын арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Ал жекелеген номинациялар бойынша, жыл үздіктері төмендегідей:
«Үздік бәйге аты» - «Мамай Қара», ат иесі – Әлнұр Назарбаев (Алматы облысы), Шабандоз – Байқан Асанқұлов, Бапкері – Бөбекбай Жамбыл
«Үздік көкпаршы» – Құрманбек Тұрғанбек (Жамбыл облысы)
«Үздік қорғаушы» – Жасұлан Қожақұл (Жамбыл облысы)
«Үздік шабуылшы» – Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы)
«Үздік көкпар командасы» – Жамбыл облысының ересектер құрама командасы.
«Үздік жаппай көкпар шабандозы» – Найманбаев Оразалы, Бердіқұл Айнабек (Түркістан облысы)
«Үздік аударыспақ командасы» – Түркістан облысының аударыспақ командасы
«Үздік мерген» – Айкөз Ералхан (Түркістан облысы)
«Үздік теңге ілуші» – Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)
«Үздік құсбегі» – Тайманов Айшуақ (Маңғыстау облысы)
«Ұлттық ат спортының үздік төрешісі» – Зиябек Жеткеров (қайтыс болғаннан кейін берілді) (Түркістан облысы)
«Үздік жаттықтырушы» – Бимағамбетов Нұрбол (Алматы қаласы)
«Жыл жаңалығы» – Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
«Үздік облыстық федерация» – Бахтияр Тоғайбаев (Жамбыл облысы)
«Жылдың үздік жобасы» – «Өнер көкпары» жобасы