Ұлттық санақ кезінде қанша адамға жұмыс табылатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында айтты.
Ол атағандай, барлық аумақтық статистика органдары қосылған IP VPN (жергілікті желі) бойынша деректерді жөнелту мүмкіндігі бар.Халық санағын жүргізу кезеңінде шифрланған деректерді санақтың орталық серверіне беру: желі болған жағдайда серверге тікелей планшет арқылы, ұялы байланыс желісі нашар жерлерде ЖАО (ауылдық округтердің әкімдіктері) қосылған МО БКО арқылы офлайн режимде жүзеге асырылады, - деді Айдапкелов.
Айдапкелов атағандай, халық санағын өткізу кезінде бүкіл ел бойынша 32 313 адам уақытша жұмысқа орналастырылады.Санақ жүргізу кезінде азаматтардан алынатын барлық шифрланған ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне беріледі. Онлайн санақтың (sanaq.gov.kz) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде резервтік алаң (QazCloud) ұйымдастырылған, - деді ол.
Оның ішінде 6 178 адам ағымдағы жылғы 1-30 маусым аралығында өткен санақтың 1-кезеңіне тартылды. Халықтың негізгі санағына 26 135 санақ персоналы тартылады. Өңірлерде интервьюерлерді жинауды арнайы құрылған комиссия жүзеге асыратын болады. Вакцинацияланған интервьюерлер жұмысқа алынатын болады, олар үшін толық көлемде жеке қорғаныш құралдары сатып алынады, - деді Нұрболат Айдапкелов.