Ұлттық музейде ежелгі өнер залы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық музейінде «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залының ашылу салтанаты өтті. Экспозицияға скиф-сақ кезеңіне жататын зергерлік әшекейлер, қару-жарақ пен тұрмыстық заттар кіреді.
Экспозицияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы және елорда әкімдіктерінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесіп дайындады.
Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша залдың ашылуы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту мақсатында «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологияларын» құру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау аясында өткізілді.
Біз Алтын жауынгердің жаңа бірегей композициясын ұсына аламыз және Қазақстанның өз қорын әрдайым толықтырып отырғаны қуантады. Осындай артефактілерге ие бола отырып, біз бүкіл әлемді шақырып, әлемнің үздік музейлерінде керемет артефактілерімізді көрсетіп, үлкен көрмелермен шыға аламыз, – деп атап өтті Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы.Археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің айтуынша, жаңа залдағы көрмеде ерте темір дәуіріне жататын маңызды артефактілер ұсынылған.
Экспозицияда Есіктегі Алтын адамның реконструкциясы, Тақсай, Талды, Есік, Берел, Қарақоба, Бесоба қорғандарынан алынған экспонаттар ұсынылған. Олардың арасында зергерлік бұйымдар, алтыннан, күмістен, қоладан және темірден және «аң стилінде» жасалған қару-жарақ бар.
Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залының ашылуының басты мақсаты – халық арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау және оған ақпараттық қолдау көрсету. Бүгінгі іс-шараға шығармашылық интеллигенция, біздің кеңсенің дәріскерлері қатысады, олар 300 мекемеде 1 800 мемлекеттік қызметшіге бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіреді, – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбай.Айта кету керек, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы