Ұлттық құрамамыз Паралимпиада ойындарының дайындығына кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірер күннен кейін Токиода Паралимпиада ойындары басталады. Осыған байланысты әлемдегі мыңдаған спортшы жапон астанасына ағылып жатыр. Олардың арасында біздің құрама да бар.
Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Қазақстан өкілдері ПТР тест тапсырып, арнайы тіркеуден өтті. Одан кейін олимпиадалық қалашыққа орналасты.
Енді біртіндеп дайындыққа ден қойдық, – дейді Ұлттық паралимпиадалық комитет өкілдері.Айта кетейік, биылғы байрақты бәсекеге жерлестеріміз 25 лицензия жеңіп алды. Әсіресе жүзуде 7, дзюдода 6 және пауэрлифтингтен 5 жолдамамыз бар. Бұған қоса қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, таэквондо, ескек есу және оқу ату бағыттары бойынша да сынға түседі.
Алғашқы бәсекелер 25 тамызда басталады. Қазақстандық спортшылар арасынан ең бірінші болып жүзу шеберлері жарысқа араласады.
Ең бастысы – барлығы дін-аман. Көңіл-күйіміз жақсы. Әрине, тест тапсыру, тіркеуден өту не басқа да құжатбастылыққа қатысты мәселелер біраз уақытты алады. Бірақ оған түсіністікпен қараймыз. Өйткені бұл – ең алдымен біздің қауіпсіздігімізге қатысты шаралар. Енді жаттығуды пысықтап, ел абыройын асқақтауымыз қажет, - деді ұлттық құраманың мүшесі Зүлфия Ғабидуллина.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәліптер Ауғанстанның экс-президентіне рақымшылық жасады
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы