Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері сайлау заңнамасындағы тың өзгерістер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бір топ мүшелері Rauan Kenzhekhan Марат Шибутов Гульмира Илеуова Андрей Чеботарёв Солтүстік Қазақстан облысында қоғам өкілдерімен кездесіп, Президент бастамаларын жүзеге асыру барысын талқылады, деп хабарлады Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

​Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында болды. 


Сапар барысында Ұлттық кеңес мүшелері облыстың қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, елді-мекендерді инфрақұрылымдық нысандармен, су жүйесімен қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы көші-қон, сондай-ақ, қоғам өкілдері мен жергілікті органдардың өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады. ​Сонымен қатар Ұлттық кеңес мүшелері Қызылжар және Мамлют аудандарына барды. Қызылжар ауданында өткен ауылдық округ әкімдерімен кездесуде ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқанына дайындық барысы, ауданның ауылдық округтерін дамыту мәселелері сөз болды, - деді Қарин.

Оның сөзінше, Ұлттық кеңес мүшелері Петерфельд ауылында орналасқан «Қызылжар Абай орта мектебіне» барды. 


Мектеп күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда білім беру мазмұны мен әдістері қайта қарастырылып, ұстаздарға қолдау көрсетудің және оларды ынталандырудың тың тәсілдері әзірленген. Ұлттық кеңес мүшелері Мамлют ауданында еліміздің оңтүстігінен солтүстікке көшіру бастамасы аясында қоныс аударған аудан тұрғындарымен кездесті. Олар Солтүстік Қазақстан облысына қалай көшіп келгендігі туралы тәжірибесін ортаға салды. Кездесудің қорытындысы бойынша кеңес мүшелері ішкі көші-қон мәселелерін Ұлттық кеңестің жұмысы аясында мұқият қарастыруды уағдаласты, - деді ол.

Президенттің көмекшісі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің өңірлерге іссапары жалғасатынын айтты. Алдағы уақытта Қарағанды облысына бару жоспарланып отыр.


Ұлттық кеңес мүшелері облыстағы сарапшылармен және ғалымдармен де жүздесті. Кездесуде білім беру, өңірлік ғылыми зерттеулер жүргізу әдіс-тәсілдері, ғалымдардың бизнес және мемлекеттік орган өкілдерімен байланыс мәселелері әңгімеге өзек болды. Студенттермен және жастар бірлестіктерінің белсенділерімен өткен кездесуде білім алу үшін көшіп келу, жастарды жұмыспен қамту және оларға қолдау көрсететін жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сапар барысында Ұлттық кеңес мүшелері қоғам өкілдеріне, ғалымдар мен жастарға Президент бастамаларын жүзеге асыру барысын әңгімелеп берді. Соның ішінде, сайлау заңнамасына енгізілген тың өзгерістер туралы айтты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің өңірлерге іссапары жалғасады. Алдағы уақытта Қарағанды облысына бару жоспарланып отыр, - деді Ерлан Қарин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы