Ұлттық академиялық кітапханада Индонезия бұрышы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық академиялық кітапханада Индонезия бұрышы ашылды. Іс-шараға Индонезия елшісі Рахмат Промоно мен кітапхана басшылығы қатысты.

Іс-шараның ашылуында Индонезияның мәдени орталығының өкілі Topeng керас биін билеп, Батыс Ява аралының Анклунг атты дәстүрлі бамбук аспабында танымал әуенді орындады.Топенг керас Бали биінің маскасындағы қара және қызыл түстері бойдақ кейіпкердің агрессивті, қатал мінезін сипаттайды.


Индонезия елшісі Рахмат Промоно 1993 жылы Индонезия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас басталғалы Индонезия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық түрлі салаларда өте жақсы дамығанын айтты.

 Индонезияның Нұр-Сұлтандағы елшілігі 2010 жылы ашылған, тек үкіметтік деңгейде жақсы қарым-қатынастарды нығайту емес, сондай-ақ қоғамдастықтар деңгейінде ынтымақтастық пен қатынастарды көтермелеу міндетін алға қояды, - деді елші.

   

Промоно мырза Индонезия бұрышының болуы Индонезияны Қазақстандағы қоғамның түрлі аспектілері мен кең перспективаларында көрсетуге көмектесетінін айтты.

   Индонезиядан келген кітап коллекцияларына ерекше орын беріп, қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының басшылығына өз ризашылығымды білдіремін. Осыған орай біз Индонезия мен түрлі елдердің жазушылары жазған ағылшын және Индонезия тілдерінде 140 кітап, сонымен қатар Джакартадағы Индонезия Ұлттық кітапханасы арнайы жіберген бірнеше өнер туындыларын сыйға тарттық. Осы кітаптар мен өнер туындылары топтамаларының арқасында қазақстандық көрермен Индонезияны танып, Индонезияны түсіне алады және Индонезия туралы оның түрлі аспектілері бойынша көбірек білуге мүдделі болады деп үміттенеміз, - деді Рахмат Промоно.
Елшінің айтуынша, бұл коллекциялар Ұлттық академиялық кітапханасында ұсынылған алғашқы Индонезиялық коллекциялар емес.


Бірқатар Индонезиялық коллекция бұрын АСЕАН бұрышының бөлігі ретінде ұсынылған. Алайда дәл осы күні Индонезия өз коллекцияларын көрсету үшін бөлек орын алады. Осы кітапханалық ынтымақтастық арқылы Индонезия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына белсенді қолдау көрсеткен Индонезия Ұлттық кітапханасының басшысы Мухаммад Сиарифу Бандо мырзаға жоғары ризашылығымызды білдіреміз. Уақыт өте келе біз сиариф Бандо мырзаның Қазақстанға сапары Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Индонезия бұрышын көруге және ресми түрде ашуға мүмкіндік береді деп күтеміз, - деді ол.
Рахмат Промоно атағандай, 2020 жылдың соңында Джакартадағы Қазақстан елшілігі Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге Джакартадағы Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан бұрышы/Абай бұрышын ашты.
   Индонезия бұрышының болуы пайдалы болады және екі елдің халықтары арасындағы тығыз достыққа ықпал етеді деп үміттенемін, - деді ол.
Индонезия бұрышының ашылуына онлайн форматта Индонезияның Ұлттық кітапхана меңгерушісі Мухаммад Сиариф Бандо де қатысты.


Біз Индонезия Ұлттық кітапханасының Қазақстанда бірқатар іс-шарасын ұйымдастыруға атсалысқан Индонезия елшісі Рахмат Прамоно мырзаға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Біз мәдени дипломатия саласында Нұр-Сұлтандағы Индонезия елішілігімен бірегей ұйымдастырған шараларды және Индонезия туралы әдебиеттерді насихаттауға бағытталған бағдарламаларды бағалаймыз, оларды аса қолдаймыз, - деді ол.
Кітапхана меңгерушісі атағандай, Индонезияның Ұлттық кітапханасы Индонезия бұрышының ашылуына кітапханаға лайықты Индонезия жайлы кітаптар, әдеби баспалар мен цифрлық ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсетті.


Индонезия елімен жақсырақ таныстыру мақсатында топтамаға қажетті жалпы Индонезия туралы, табиғи байлығы, өркениеті мен мәдениеті жайлы қажетті кітаптар тізімін Рахмат Прамоно елшіден ресми хат түрінде күтеміз. Индонезия бұрышында ұсынылған материалдар мен өнер туындыларының жинақтары мемлекет, тіл, мәдениет, туризм жайлы, сонымен бірге сан-алуан тақырып бойынша маңызды ақпараттпен қамтамасыз етеді. Біз осындай мәдени алмасулар жас ұрпаққа мәдениеттерді, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, нанымдарды, халықтарды, тілдерді және біртұтас әлемдік қоғам құрудың алғашқы қадамы болатынына сенеміз. Осыған орай, бұл бұрыш оқырмандардың ой-өрісінің кеңеюіне, білімінің артуына, басқа да мүмкіндіктер жайлы түсініктің пайда болуынына септігін тигізетініне кәміл сенеміз, - деді ол.
Өз кезегінде Ұлттық академиялық кітапхананың халықаралық бөлімінің жетекшісі Эльмира Рақымжанқызы Индонезия Қазақстаннан 7,5 мың шақырым қашықтықта орналасса да, ынтымақтастық тұрғысынан жақын екенін атап өтті.


Бұл - алғашқы ынтымақтастық емес. Біз индонезиялық әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Ұлттық академиялық кітапханада Индонезия бұрышы ашылып, ел туралы кітаптарға қол жеткізгенімізге қуаныштымыз, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы