Ұлттық кеңес мүшелері Тұрғымбаевпен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен кездесті. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин telegram-арнасында жариялады. 

Тамыз айынан бастап қоғам мүшелері Үкімет мүшелерімен 10 кездесу өткізді. Бірақ бүгінгі кездесу ерекше, себебі Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік органдар жүйесіндегі рөлі ерекше. Қоғам белсенділері мұны құқық қорғау органдары қозғалысының одан да ашық және ІІМ-нің азаматтық белсенділермен өзара іс-қимыл жасауға дайын болуының кезекті белгісі ретінде қабылдады, - деді Ерлан Қарин. 

Ол атағандай, кездесу басында министр ІІМ-нің ағымдағы жұмысы туралы, оның ішінде бұрын ЖБӘЖ алаңында көтерілген мәселелерді ведомствоның қалай пысықтап жатқаны туралы қысқаша айтып берген.

Сұрақ-жауап сессиясында министрге қойылған сұрақтар  отбасылық  тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаматтардың шағымдары және өтініштерімен жұмыс, учаскелік полицейлердің өкілеттіктері мен мәртебесі сияқты түрлі проблемаларға қатысты болды.Пенитенциарлық органдар мен полиция мекемелеріндегі «соқыр аймақтарды» жою мәселесі жеке талқыланды. Елбасы өз Жолдауында барлық полиция мекемесін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Ішкі істер министрі қазірдің өзінде 3 жылға арналған бағдарлама әзірленгенін, қаржыландыру мәселелері шешілгенін, сондай-ақ жазбаларды жою ықтималдығын болдырмау үшін осы бейне қондырғылардың стандарттары айқындалғанын хабарлады, - деді Президент көмекшісі.

Қарин құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова бейнебақылау картасын бірлесіп жасауды ұсынғанын айтты.

Жалпы ашық әрі тұшымды  әңгіме болды. Қоғам белсенділері мен сарапшылар проблемалық сұрақтар қойып қана қоймай, қандай да бір жобалар мен бастамаларды іске асыруда өздерінің көмегін ұсынды. Министр мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге уәде берді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы