Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері туралы кітап шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптары басылымға дайындалды.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды.
Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын жайттар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен фактілер, олар оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған. Кітаптар өз оқырмандарын табады деп ойлаймыз, - деді Комитет төрағасы генерал-лейтенант Кәрім Мәсімов
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысы жол картасына бөлінген қаржыны игере алмай отыр
Өзгелердің жаңалығы