Ұлттық экономика вице-министрі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әмрин Азамат Кемеңгерұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.  

Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.  

1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.  

2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі.   

2011-2012 жж. —  «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.  

2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.   

2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы