Ұлттық білім академиясы домбыра мектепке қалай енгізілетінін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Домбыра жеке пән ретінде оқытылмайды. Бұл туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы хабарлады.

Кеше БАҚ мектептерде жаңа пән енгізілетіні туралы ақпарат таратты. Осыған байланысты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ресми мәлімдеме жасады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің «Музыка» пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді, - деді білім академиясында.

Кейбір БАҚ өздерінің ақпараттық материалдарында мектепте «Домбыра тартуды үйрену» атты жаңа пәннің енгізілетінін айтқан. 

Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 1-6 сыныптарға оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны. Яғни егер қажетті ресурстар бар болса, 6-сынып оқушылары «Музыка» пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу, - деп мәлімдеді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы