Ұлттық банк: Өткен аптада теңгенің нарықтағы бағамы 0,2% әлсіреді

Алматы, BAQ.KZ. Ұлттық банк 2019 жылдың 20-27 қыркүйек аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары долларға қатысты қалай өзгергенін жариялады.

Банк таратқан мәліметке сүйенсек, 27 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға әлсіреп (386,70-тен), бір АҚШ доллары үшін 387,63 теңге деңгейінде қалыптасқан.

Сонымен қатар, сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алғанын да мәлім етті.

«Еуроаймақтың іскери белсенділігі мен өнеркәсіптік секторы бойынша деректер төмендеуін көрсеткен. Германияда PMI композиттік индексі қыркүйекте 49,1-ге дейін (тамызда 51,7), Францияда 51,3-ке дейін (тамызда 52,9) қысқарған. АҚШ Президенті Д.Трампқа импичмент жариялаудың ресми рәсімі басталды. АҚШ-тың Қаржы министірлігі 7 қазанда Вашингтонда ҚХР- мен жоспарланған келіссөздер туралы жариялады. Saudi Aramco 14 қыркүйектегі шабуылдан кейін Сауд Арабиясында күніне 9,8 млн баррельге дейін мұнай өндіруді қалпына келтірді», - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде. 

Аталған факторлар дамыған елдер валютасымен салыстырғанда АҚШ доллары бағамының нығаюына әкелген. Дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдар серпіні қалай өзгергеніне назар аударсақ: түрік лирасы – реттеуші үш ай ішінде екі ірі қысқартулардан кейін негізгі мөлшерлемені төмендету қарқынын бәсеңдете алатыны туралы ОБ-нің хабарлауы аясында 1,2%-ға (5,74-тен 5,67-ге дейін) нығайған.

Үнді рупиясы – Таяу Шығыстағы шиеленістің әлсіреу ықтималдылығы туралы хабарлардан (Йемен мен Сауд Арабиясының арасындағы уақытша бітім) кейін мұнай бағасының төмендеуі және Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына шабуыл жасалған соң мұнай өндіруді қалпына келтіру аясында 0,5%-ға (70,95-тен 70,57-ге дейін) нығайды. 

Бразилия реалы – шенеуніктер бағаның өсу қарқынын таяудағы екі жыл ішінде таргеттелетін мәннен төмен деңгейде болжап отырған реттеушінің инфляция бойынша тоқсандық есебін жариялау аясында 0,2%-ға (4,15-тен 4,16-ға дейін) әлсіреді. Зейнетақы жобасы 1 қазанда Сенатта дауыс берудің бірінші раундына шығарылатын болады, екінші раунд қазанның ортасында болып қалуы ықтимал. 
Индонезия рупиясы – Қаржы министрінің Үкімет экономикаға қолдау көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда келесі жылы бюджет дефицитін ұлғайтуға бара алатыны туралы мәлімдеуінің аясында 0,8%-ға (14 055-тен 14 173-ке дейін) әлсіреген. 

Ресей рублі – мұнай бағасының төмендеуі және салық төлемдері кезеңінің аяқталуы аясында 1,1%-ға ( 63,99-дан 64,67-ге дейін) нығайған.

Мексика песосы – ОБ-ның инфляция қарқынының тұралауына, Pemex кредиттік рейтингтері мен тәуелсіз облигациялардың төмендеуіне байланысты негізгі мөлшерлемені азайту туралы шешімінің аясында 1,2%-ға (19,45-тен 19,69-ға дейін) әлсіреді. АҚШ Президенті Дональд Трамптың импичменті рәсімінің басталуы туралы хабарлама тәуекел-сентиментінің жаһандық нашарлауы және ұлттық валютаның әлсіреуіне әсер етті.

Оңтүстік Африка ранды – инвесторлардың тәуекел-дәрежесінің жаһандық әлсіреуінен капиталдың әкетілуі аясында 1,3%-ға (14,94-тен 15,13-ке дейін) әлсіреді. Үкімет 5,75%-дық мөлшерлеме бойынша АҚШ долларымен 30 жылдық және 4,85%-дық мөлшермеле бойынша 10 жылдық еурооблигациялар орналастырып, $5 млрд тартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы