Ұлттық банк «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «БЕЛКА · СТРЕЛКА» және «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарын айналымға шығарып жатыр. 

Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша жарияланады. 

«БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталары туралы

Күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталар «Ғарыш» монеталар сериясын жалғастырады. Монеталар Белка мен Стрелка иттері Қазақстан жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток» ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка – орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған кеңестік космонавт иттер.     

 Монеталардың сипаттамасы:

15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, «uncirculated» сапасымен, номиналы 100 теңге, таралымы 100 000 дана. 

 «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» монеталар сериясын жалғастырады. Сүндет той – қазақтың ұлттық салт-дәстүріне айналған қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы. Сүндетке отырғызбас бұрын болашақ жігітті атқа отырғызып, кейін сыйлық берген.

Монеталардың сипаттамасы:

МН 25 мельхиор қоспасынан, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңге, таралымы 15 000 дана;

МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, сапасы «uncirculated», номиналы 100 теңге, таралымы 100 000 дана.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. «Proof-like» сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. «Brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы