«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Директорлар кеңесінің шешімімен Ростислав Анатольевич Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
Ростислав Коняшкин 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС консультанты болып бастаған.
2011-2012 жылдары — «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.
2012-2014 жылдары — «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.
2014-2015 жылдары — «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.
2016 жылы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.
2016-2017 жылдары — «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері.
2017-2019 жылдары — «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.
2019-2020 жылдары — «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.
2020 жылы — ҚР ЦДИАӨ министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасы орынбасарының м.а.
2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.