6 Қыркүйек 2024 2024, 23:41 Фото: olympic.kz

Ұлттар лигасы: Қазақстан өз алаңында Норвегиямен тең ойнады

Алматыдағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық футболшылар өз алаңында Норвегияны қабылдаған болатын.

Кездесу барысында норвегиялықтар үлкен басымдыққа ие болды. Десе де, қонақтар Қазақстан қақпасынан саңылау таба алмады.

Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетелік, Ұлттар лигасында Қазақстан Норвегия, Австрия және Словенияға қарсы ойнайды.