Ультракүлгін сәулесінің коронавирусқа қарсы тиімділігі дәлелденді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Күн спектрінің ультракүлгін сәулесі коронавирустық инфекцияны тез жоюға қабілетті". Бұл жаңалықты Милан мемлекеттік университетінің профессоры, иммунолог Марио Клеричи РИА Новостиге берген сұхбат барысында хабарлады.

Сарапшы жүргізілген эксперимент туралы баяндап берді. Алдымен зерттеушілер коронавирус жұқтырған науқастың жөтелуі кезінде пайда болатын әсерді қайталау мақсатында Sars-CoV-2 вирусын су тамшыларына қосқан. Материалдар күн сәулесінің түрлі мөлшердегі: қысқа толқынды (С ультракүлгіні – С-УК), ұзын толқынды (А-УК) және орта толқынды (В-УК) диапазондағы әсеріне ұшырады.
Ультракүлгін сәулесінің аз мөлшерінің өзі бірнеше секунд ішінде вирустың белсенділігін әлсірететіндігі анықталды. Жаз мезгілінде Жер атмосферасына енген күн сәулесі жөтелгенде немесе жұқтырған адаммен сөйлескенде пайда болатын сілекей тамшылары бар вирусты толықтай өлтіре алады, - деп мәлімдеді иммунолог Клеричи.

Маман сондай-ақ Үндістан, Пәкістан және Бангладеште коронавирус таралуының жоғары деңгейін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жаз кезінде жауын-шашын мол болғандықтан, атмосфераға күн сәулесі аз түсетін муссондық климатқа байланысты.

Бұған дейін Сеченов атындағы бірінші МММУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, РҒА академигі Виталий Зверев күннің ыстығы коронавирустың таралуына онша көп әсер етпейтіндігін айтқан.

Жаздың ыстығы коронавирустың белсенділігін төмендетуі екіталай, ал ультракүлгін сәуленің пайдасы тым артық бағаланып жіберді, себебі ол тек беткі қабаттарда ғана әсер етеді, - деді РҒА академигі Виталий Зверев.

Сондай-ақ жұқтырудың алдын алу үшін бірінші кезекте әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, өйткені инфекция көбінесе адамнан адамға ауа-тамшы жолымен берілетіндігін де атап өтті.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы