Ұлт құруға қатысты бірде-бір еңбек қазақ тіліне аударылмаған – сарапшы

Бұл туралы «Жалпыазаматтық бірегейліктің факторлары мен компоненттері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлт құруға қатысты бірде-бір іргелі еңбек қазақ тіліне аударылмаған екен. Оны айтудан шаршамаймын. Себебі бұл өте маңызды. Ғылыми айналымға енгізу үшін кітап болу керек. Ең қарапайым Бенедикт Андерсон болсын. Біз 20 шақты кітапты ақтарған кезде оның 2-3-еуі орыс тілінде. Ал қазақ тілінде жоқ болып шықты, - деді ол.

Нұрбек Матжани Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты қызметіне кітап аударуды да қосуды ұсынды.

Менің ойымша, ұлт құру және азаматтық бірегейлікті күшейтуді екі үлкен санатқа бөліп қарастыру керек секілді. Біріншісі академиялық, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне арналған. Әсіресе қазақ тілінде. Екіншісі ол көпшілікке арналған. Тарих қандай болды, нарративтер қандай болуы керек дегендей, - деді Матжани.

Ол «Оян, қазақ» фильмінен көрерменнің алған әсері мен түйген ойынан елде азаматтық бірегейлікпен проблема бар екенін көруге болады деп санайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
Өзгелердің жаңалығы