Ұлт мүддесіне мінсіз және адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіледі – Тоқаев
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында ұлт мүддесіне мінсіз және адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетілетінін айтты.
«Халқымыз «Ердің атын еңбек шығарады» деп бекер айтпаған. Түптеп келгенде, ерлік жасау – елдік мұратқа қызмет ету деген сөз. Ұлт мүддесіне мінсіз және адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіледі. Бұл – Әділетті Қазақстанның мызғымас қағидаты. Қазір осы жерде жұртқа жанашыр, нағыз адал азаматтар отыр. Мемлекет сіздерді әрдайым қолдайды, еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға тағы да алғыс айтамын», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз екенін айтты.
Сондай-ақ, Президент Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық екенін атап өтті.