10 Шілде 2025 2025, 20:37 Фото: - архив

Үлкен шаңырақтағы ұрыс: Екі келіннің дауы төбелеске ұласты

Ақтөбеде енесінің үйінде болған екі келіннің арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ұласып, іс сотқа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбеде енесінің үйінде болған екі келіннің арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ұласып, іс сотқа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбе қаласының №2 соты келіндердің үстінен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Әйелдер ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа жеңіл зиян келтірмей, дене ауруын келтіретін ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану) айыпталған.

Оқиға 2025 жылғы мамырда келіндердің енесінің үйінде болған. Айтыс-тартыс барысында олар бір-біріне қол көтерген.

Сот отырысында әйелдер өз кінәларын мойындамады. Алайда сот олардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ іс материалдарымен дәлелденгенін айтты.

2025 жылдың мамыр айында екі келін енелерінің үйінде бола тұра, отбасылық жанжал кезінде бір-біріне қасақана дене жарақаттарын келтірген. Жанжал барысында екеуі сөзге келіспей қалған, - деп жазылған сот хабарламасында.

Сот үкімдерімен сотталушылар ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 98 300 теңге айыппұл салынды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.