Үлкен ауылы тұрғындары референдумда белсенділік танытып жатыр

Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.


Таңертеңнен бастап ауылдың 150-ден астам тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты.

Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек, – деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.

Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта олардың барлығы сайлаушыларды қабылдауда.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы