"Үлгі көрсетіп отырсыздар". Леонардо Ди Каприо Үкіметті құттықтады
Америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстан үкіметіне алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, ақбөкендер жойылып кетуі мүмкін жануарлардың тізіміне енген, алайда бұл жануардың түрі бойынша жетістік бар.
Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын білдіреді. Бір кездері 2005 жылы 48 000-ға ғана болған қазіргі таңда (киіктер) табиғатта 1,9 миллионға дейін өсті. Браконьерлікке қарсы бастамаларға, күшті құқық қорғау органдарына және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдары, университеттері мен ғалымдары бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы шынайы табыстың тамаша үлгісін көрсетіп отыр, - деді Леонардо Ди Каприо.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы