Ұлдана Мырзуан ісі: Күйеуі жәбірленуші мәртебесінде қалды
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында оның күйеуі Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінде қалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Әділет Зейнел өзін жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтініш берген. Сот отырысының басында судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Кейін сот тергеуі аяқталар алдында судья одан өтінішін әлі де қолдайтынын сұрады.
Осы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қаласыз ба? Берген өтінішіңізден бас тартасыз ба? – деп нақтылады судья.
Әділет Зейнел өтінішінен бас тартатынын айтты. Осылайша, ол Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысуын жалғастырады.
Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тұрғын үйдің фасадындағы кірпіш қаптамасы құлап, бес адам зардап шеккен. Олардың арасында оқиға орнына жедел жәрдем құрамында барған фельдшер Ұлдана Мырзуан да болды. Ол алған ауыр жарақатынан 18 қарашада ауруханада көз жұмды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сот сарапшыны қайта шақырту туралы өтінішті қанағаттандырмады.
Тағы оқи отырыңыз: Ұлдана Мырзуан ісі: Маман үйдің кірпіші неге құлағанын түсіндірді