"Ұлдан-ломбарды" лицензиясынан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2024 жылғы «26» қыркүйектегі №19 бұйрығына сәйкес, «Ұлдан-ломбарды» ЖШС микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Микроқаржылық қызмет туралы» заңның 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» заңның 16-бабы, 9-тармағының талаптарына сәйкес, ломбард агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «Ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар ломбард клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, ломбард алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Өзгелердің жаңалығы