Ұландықтар жоғалған баланы тауып, «айфонды» иесіне қайтарды
Елордада Ұлттық ұлан жауынгерлері қырағылық танытып, бір күнде жоғалған жеті жасар баланы тауып, сонымен қатар «IphoneX» марқалы ұялы телефонды иесіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 тамыз күні кешкі мезгілде сағат 20:25 шамасында Атырау көпірінен Кенесары хан ескерткішіне дейінгі жолда орын алған. Әскери жасақ бастығы қатардағы Сергей Феськов, сақшылар қатардағы жауынгерлер Рустам Самарбаев пен Жандос Тұраров жауынгерліқ қызмет атқару кезінде ересектердің қарауынсыз қалған кішкентай баланы көреді. Бірден патрульдік топ бастығы сержант А. Дәулетияровқа баяндап, баланың жақындарын іздестіреді. Көп ұзамай баланың анасын тауып, баласымен қауыштырады.
Осы күні кешкі сағат 23:30 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Александр Валиев, қатардағы жауынгерлер Абылайхан Жанәбілов пен Виктор Сенченко «Махаббат» тұрғынүй кешені жанындағы Мәскеу көшесіндегі патрульдеу бағытында Iphone маркілі телефон тауып алады. Жасақ бұл жағдай туралы патрульдік топ бастығы аға сержант Н. Ұрынтаевқа шұғыл түрде баяндайды. Кейін жауынгерлер телефон иесін анықтап, оған «айфонын» табыстайды.