Ұландықтар мемлекеттік наградамен марапатталды
Астана қаласында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде іс-шара ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған шарада Ішкі істер министрі генерал – полковник Марат Ахметжанов жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтап, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін марапаттады.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының екі әскери қызметшісі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Cолардың бірі 6655 әскери бөлімнің штаб бастығы – бөлім командирінің бірінші орынбасары полковник Дәурен Джагипаров еді.
Ішкі істер министрінің қолынан осындай жоғары марапат алып, құрметке ие болу, мен үшін үлкен мәртебе. Осындай жоғары марапат алған сәтте, мен тек қуаныш сезімдерін ғана емес маған артылған жауапкершіліктіде сезіндім. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскер қатарында қызмет атқару - бұл мен үшін мақтаныш. Өйткені өз Отаныңды, туып өскен еліңді, кіндік қаның тамған жеріңді қорғау қасиетті - іс. Барлық күш – жігерімізді салып, ел алдындағы борышымызды жоғары деңгейде орындау біз әскери қызметшілер үшін басты міндет деп білемін. Өз тарихи жолында біздің еліміз, әртүрлі сала бойынша соның ішінде әскери салада да көптеген жетістіктерге жетіп, басқа елдермен бәсекелес бола алатын қуатты мемлекетке айналды. Мемлекет басшысының арқасында Ұлттық ұлан әскері жақсы техникалық және материалдық керек жарақтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан әскері азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауға әрдайым дайын. Республика күні мерекесі қарсаңында барлық осы Ұлттық ұланға еңбегі сіңген ардагерлерімізді және Ұландықтарды осы айтулы мерекемен құттықтаймын – деді өз сөзінде.
Шынындада күнделікті ел тыныштығын қорғау мақсатында жауынгерлік қызметке шығатын Ұлттық ұланның әрбір сарбазы мен сардары қандай марапатқа болсада лайықты. Себебі, Ұландықтар қақаған аязы мен бораны қатар келетін қыс мезгілінде де, аптапты ысы жаз мезгіліде біздің әскери қызметшілерімізді жауынгерлік қызмет пен қырағылықтан босата алмаған.
Сөз соңында айтарымыз мемлекетіміз Қазақстан Республикасының болашаға үшін атқарып жатқан жауынгерлік қызметтеріңізге табыс тілейміз!