Ұландықтар дауыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таң атқалы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық жеке құрам Конституцияға өзгертулер енгізуге байланысты өтетін рефрендумда белсенді дауыс беруде.
Жалпы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша жедел шақырылымдағы сарбаздармен қатар офицерлер мен сержанттар және олардың отбасылары дауыс беруге болатын 6 референдум учаскелері жұмыс істеп тұр.
Айта кетерлігі, сарбаздар 18-19 жас аралығында болғандықтан, еліміздегі дауыс беру саяси науқанына тұңғыш рет қатысуда.
Дәл осы күні Семейдегі 5511әскери бөлімі және Павлодардағы 5512 әскери бөлімдеріне келетін жас шақырылымдағы сарбаздарға да әскери бөлім аумағындағы орналасқан референдум учаскелерінде дауыс беретін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әшімбаевтың 18-ге толған қызы алғаш рет дауыс берді
Келесі жаңалық
Ердоған: Түркияның Газаға қатысты ұстанымы өзгермейді
Өзгелердің жаңалығы