Ұландықтар ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласын патрульдеу кезінде Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұрлық жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери жасақ қылмыс жасалған орынға жетіп, іздеуге кіріседі. Нәтижесінде Әуезов, Медеу, Бостандық аудандарында бір кеште жеке мүлік пен ақшалай заттарды ұрлауға қатысы бар деген 7 күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, аталған тонау әрекеттері қаланың орталық көшелелерінде сағат 17.00-20.00 аралығында болған. Оқиға орнына полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақырылып, куәгерлердің қатысуымен құнды заттар тәркіленді, - делінген хабарламада.
Жәбірленушілер әскери жасақтарға өз алғыстарын білдірді.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік қызметті атқару барысында танытқан қырағылықтары үшін ұландықтар әскери бөлім командирінің құқығымен марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне теледидар сыйлады
Келесі жаңалық
Астана аспанында истребительдер ұшады
Өзгелердің жаңалығы