Ұландықтар іздеуде жүрген алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық ұландықтар бір үйдің ығында дәрет сындырған азаматты байқаған, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Патрульдік топ бастығы кіші сержант Абылай Амантаев қасындағы серіктері қатардағы жауынгерлер Сапаралы Абжанов және Азат Турғанбаевпен бірге аталған азаматты ұстап, полиция бөліміне жеткізеді.

Кейін белгілі болғандай, тәртіп бұзушы «Алаяқтық» бабы бойынша іздеуде жүріпті. 2 тамызда ол елордада алдау арқылы оқу орнына түсемін деген сылтаумен бір әйелге тиесілі 400 мың теңгені иемденген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы