Ұлан сарбаздары іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Алматы ауданында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызмет атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері азаматшаны қолға түсіреді. Белгілі болғандай ол отбасылық жанжал кезінде жолдасын өткір затпенен жаралаған, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Әскери жасақ бастығы аға лейтенант Данияр Сұлтанов, патрульшілер Дамир Мәукен және Әмірғали Толқынов полиция қызметкерлерімен бірлесіп күдіктінің жеке заттарын тексеріп, бес пышақты табады. Мән-жайды анықтау үшін азаматша Алматы аудандық полиция басқармасына ҚР ҚК 106 бабы 1 тармағын бұзғаны үшін жеткізілді.

Дәл осы күні ұландықтар полиция қызметкерлерімен бірлесіп сипаттамаға сай келетін 2003 жылғы азаматты ұстайды. 3 қыркүйекте ол алдау жолымен ақша иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесесінде аталған азамат та полиция басқармасына жеткізілді. Оған ҚР ҚК 190 бабының 2 тармағы бойынша айып тағылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы