Ұлан-Батыр мен Алматы арасында жаңа рейс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлан-Батыр - Алматы» бағытындағы «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы жергілікті уақытпен 13:00-де Моңғолияның астанасынан ұшты.

Бұл туралы Моңғолия елшілігінің Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

2020 жылғы 28 қыркүйекте елші Жалғас Әділбаев Моңғолия Үкіметінің Атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның «Ұлан-Батыр - Алматы» бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз конференциясына қатысты. 

Әділбаев өз сөзінде Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтап, 2019 жылғы 10 қазанда Қазақстанның астанасында өткізілген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Моңғолияның Премьер-министрі У.Хурэлсухтың арасындағы келіссөздерде қол жеткізілген осы бағыттағы әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластықтың толыққанды орындалғанын атап өтті, - делінген хабарламада.

Аталған жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды. 

«Ұлан-Батыр - Алматы» бағытындағы «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы жергілікті уақытпен 13:00-де Моңғолияның астанасынан ұшты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы