ҰҚШҰ тәжік-ауған шекарасында әскери оқу-жаттығу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Одақтың шұғыл әрекет ету күштері Тәжікстан аумағына кірген содырлар колоннасын талқандады. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдер тәжік-ауған шекарасында осындай әскери-оқу жаттығу өткізді. Шараға 4 мың сарбаз бен 500-ден аса техника жұмылдырылды. 

Сарапшылар Ауғанстандағы ахуал әлі де шиеленісті жағдайда дейді. Себебі бұл елден лаңкестік жасақтардың көрші елдерге ену қаупі бар.  

«Талибан» Ауғанстанда жеке билік орнатуға тырысып, ел аумағындағы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымын жоюға күш салады. Тәліптер өзіне бағынбаған қарулы топтарды Тәжікстан аумағына немесе Түркіменстан жеріне ығыстырып шығаруы мүмкін, - дейді РФ Қорғаныс министрлігі орталық әскери округі күштері қолбасшысының орынбасары Евгений Поплавский.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы