ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері әскери қауіпсіздікті талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 27 сәуірде Душанбеде өткен Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты.  

Күн тәртібінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігі мәселелері кірді.

Отырыс барысында жедел ден қою ұжымдық күштерін заманауи қару-жарақпен, әскери техникамен және арнайы құралдармен жарақтандыру жөніндегі жоспарлар қаралды. Қатысушылар 2022 жылға арналған Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының бірлескен дайындығын және сыртқы саясат, қорғаныс, қауіпсіздік мәселелері бойынша 2021 жылдың екінші жарты жылдығы – 2022 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған кеңес беру жоспарын талқылады.

Отырыста Ұжымдық жедел ден қою күштері қолбасшылығының үлгілік құрылымы мен штаты туралы ҰҚШҰ-ның Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің шешімінің жобасы ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әлемдегі және өңірдегі ахуал тұрақты еместігін, дәстүрлі жағдайлар сақталып, қауіпсіздікке қатысты жаңа сын-тегеуріндер туындап жатқанын атап өтті. Мұндай жағдайларда мемлекеттер мен халықаралық құрылымдардың қызметін тығыз үйлестіру, олардың мүмкіндіктері мен күш-жігерін біріктіру тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өз тиімділігін көрсеткен ҰҚШҰ сондай-ақ, дағдарысқа ден қою орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану ұсынылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы