Украинаның Қазақстандағы елшісіне кандидатура қарастырылып жатыр – СІМ

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Украинаның еліміздегі жаңа елшісінің кандидатурасы қаралу үстінде.

Жаңа елшінің кандидатурасы қазақстандық тараптың қарауында, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар кандидатураны қараудың нақты мерзімі жоқ екендігін алға тартты. 

Еске сала кетейік, 23 тамыз күні еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украина елшісі Петр Врублескийге оның қазақстандық блогерге берген сұхбатына қатысты наразылық білдірген болатын. Артынша 5 қыркүйек күні Врублевский айтқан сөздері үшін кешірім сұрап, «эмоциямен айтылған сөздер» деп ақталды. 

 19 қазан күні Украинаның президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Қазақстандағы Украина елшісі қызметінен босатты.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы